
Наурыз мерекесі — әлемнің ең көне мерекелерінің бірі. Орта Азия халықтарында бес мың жыл бойы тойланып келеді. Бұрынғы қариялар 22 наурызды «Қызылбастың наурызы» дейді екен. «Наурыз» сөзі парсы тілінен шыққан, «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Қазақ халқы наурыз демей, Амал деген. Наурыз мейрамы — діни мереке емес. Бұл — қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі
Наурыз мерекесінің туу тарихы турасында талас көп. Наурыздың нақты тарихы тереңде жатыр, ол өзінің бастауын мұсылмандыққа дейінгі заманнан алады. Кейбір ғалымдар бұны зороастризм мен шаманизм кезеңіне дейінгі уақытпен байланыстырады. Кейбіреулер Парсы патшасының жорықтарымен байланыстырып жүр.
Наурыз — көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы болумен бірге, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеп, ұлттық қасиеттерімізді бойына сіңіріп, жан-жақты дамыған өнегелі, өнерлі азамат тәрбелейтін ұлттық мейрамымыз.
19 наурызда мектебіміздің «SamRuk» дебат клубы Наурыз мерекесінің маңызы, мазмұны, тойлануы жайлы дебат өткізді. Ұйымдастырған: SamRuk дебат клубының мүшелері – Раимова Айша, Аралбек Ботагоз, Ахметбек Айқын, Киханов Жалғас. #қарағандыоблысыбілім09
#балқашқаласыбілімбөлімі
#Nauryznama2026
#ҰлыДалаНаурыз
#DigitalNauryz
#Адал_азамат