Skip to content

«Кітап оқитын ұлт» жобасы

«Кітап оқитын ұлт» жобасы – Қазақстан халқының арасында тұрақты оқу мәдениетін қалыптастыруға, сыни және талдамалық ойлауды дамытуға, сондай-ақ кітапты барлық жас және әлеуметтік топтар арасында білім көзі ретінде танымал етуге бағытталған ауқымды зияткерлік-ағартушылық бастама. Жобаның «Кітап оқитын әулет» бойынша қалалық кезеңіне мектебімізден Халабаевтар отбасы қатысты. Қатысушылар 45 минутқа созылатын тестілеуден өтуі керек еді, оның барысында оқу сауаттылығын және әдеби шығармаларды білуін тексеруге бағытталған 45 сұраққа дұрыс жауап беру қажет болды. Осы байқауда Халбаевтар өз білімдерінің жоғары, зейінді, зияткер отбасы екендігін дәлелдей отырып, жүлделі ІІ орынды жеңіп алды, 200 000 мың сертификатын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Құттықтаймыз!!!

Leave a Reply