«Balkhash STEAM Serpini» жобасының элективті курстарға қатысатын оқушылар «RoboLand 2025» Х халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалінде 3 орынға ие болды. Іс-шара 2025 ж. 27-29 наурыз күндері Қарағанды қаласында 15 санат бойынша өткізілді.
«ЛАБИРИНТ. LEVEL 1» санаты
🥉Өмірсерік Мирас (6 «А» сынып), Өмірғалы Нұрәлі (6 «Ә» сынып) – Ә. Бөкейханов ат. №15 мектеп-лицейі. Жетекшісі: Жанболат Оспанов
Қалған қатысушыларға белсенділігі үшін сертификаттар табысталды:
«РОБОГЕОМЕТРИЯ. LEVEL 2»
Аманбек Ильдар, Амангелді Темірлан – Ә. Бөкейханов ат. №15 мектеп-лицейінің 9 «А» сыныбы. Жетекшісі: Ерсұлтан Амантай
«КЕГЕЛЬРИНГ – КВАДРО×2»
Қайратқызы Жанайым, Төребек Бекарыс – әл-Фараби ат. жалпы білім беретін мектебінің 5 «Б» сыныбы. Жетекшісі: Жангелді Медянов
Барлық оқушыларды жетістіктерімен құттықтаймыз және алдағы сайыстарда сәттілік тілейміз!
