Skip to content

2025 жылдың 26 наурыз күні мектепте бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысы өтті.

2025 жылдың 26 наурыз күні мектепте бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысы өтті.
Отырыстың мақсаты – оқу-тәрбие үдерісінің сапасын арттыру, білім алушылардың оқу жетістіктерін жақсарту және мұғалімдердің кәсіби тәжірибе алмасуы.
Отырыста бастауыш сынып мұғалімдері өз баяндамаларын оқып, тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда, Сағадатова Толқын Қайроллақызы «Құндылыққа негізделген білім- сапалы тәрбиенің негізі» тақырыбында баяндама оқыды. Білім мен тәрбие егіз, алдымен балаға құндылықтарға негізделген тәрбие берілуі тиіс. Себебі, бала тәрбиесі өте өзекті мәселе, оқушының тұлға болып қалыптасуына ұстаздың, әсіресе бастауыш сынып мұғалімі ерекше орын алады. Баяндамалар бойынша пікір алмасу жүргізіліп, ұсыныстар айтылды. Отырыс қорытындысы бойынша алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар нақтыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

Leave a Reply