2025 жылдың қыркүйек айының 26 күні Балқаш қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен “Үздік дене шынықтыру ” байқауы өтті. Байқауға мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Кенбай Әлия Жексенбекқызы қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Шын жүректен құттықтаймыз!!! Кәсіби шеберлігіңіз мен мамандыққа деген адалдығыңыз, педагогикалық тәжірибеңіз лайықты бағасын алып, жаңа табыстарға жетелей берсін! Толағай табыстар тілейміз!!!
