
🔰 Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мектеп кітапханасында «Ерлік –елге мұра, ұрпаққа өнеге» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын қорғап қалған ерлерге тағзым ете отырып, Ұлы Отан соғысына қатысқандар Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов тағыда басқа осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына құрметпен бас иіп, еске аламыз. Олар еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақтың өмірін, халықтың бақыты мен қуанышын сақтап қалды. Ардагерлер ерліктері арқасында біз осы күнге жеттік. Бәрі де сол Ұлы Отан соғысы Жеңісінің жемісі. «Ешкім де ешқашан ұмытылмайды!»
Мақсаты: Соғыс жылдарындағы ерлік пен батырлықты ұлықтап, жас ұрпаққа бейбітшіліктің құндылығын насихаттау.