
Мектебімізде «Адал ұрпақ» еріктілер клубының ұйымдастыруымен «Жас ұрпақ әділдікті қолдайды» тақырыбында эссе жазу байқауы өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік, адамгершілік сияқты қасиеттерді қалыптастыру, өз ойларын көркем тілмен жеткізе білуге баулу.
Іс-шараға 7 сынып оқушылары белсенді қатысып, әділдік пен адалдықтың қоғамдағы маңызы туралы өз көзқарастарын эссе арқылы білдірді.