4.06.2026 жылы “әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мекбеті” КММ жанындағы “Өлкетану” жазғы демалыс алаңында оқушылар үшін танымдық әрі мазмұнды іс-шара ұйымдастырылды. Балалар қалалық кітапханаға экскурсия жасап, кітапхананың бөлімдерімен, оқу залдарымен және кітап қорымен танысты.
Экскурсия барысында кітапхана қызметкерлері оқушыларға кітапхананы пайдалану ережелері туралы ақпарат беріп, түрлі жанрдағы әдебиеттерді таныстырды. Оқушылар қызықты кітаптарды тамашалап, кітап оқудың маңызы мен пайдасы туралы мәлімет алды.
Іс-шара барысында балалар сұрақтар қойып, өздерін қызықтырған тақырыптар бойынша пікір алмасты. Бұл танымдық кездесу оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, олардың дүниетанымын кеңейтуге ықпал етті. Экскурсия оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жазғы демалысты пайдалы өткізудің жарқын үлгісі болды.
