Skip to content

03.06.2026 ж. “әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебі” КММ жазғы демалыс аясында оқушыларға танымдық және қызықты іс-шаралар ұйымдастырылды.

03.06.2026 ж. “әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебі” КММ жазғы демалыс аясында оқушыларға танымдық және қызықты іс-шаралар ұйымдастырылды. Балалар «Мемлекеттік рәміздер – мақтанышым» викторинасына, бекеттер бойынша сайыстарға және «Әуенді тап» ойынына белсене қатысты.

Мектеп психологы Д.Ж. Сағымбекова оқушылармен психологиялық тренинг өткізіп, олардың зейінін, ойлау қабілетін және қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізді.

Сонымен қатар оқушылар Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайының үйірмелеріне және шахмат үйірмесіне қатысып, шығармашылық және логикалық қабілеттерін дамытты. Іс-шаралар балалардың уақытын тиімді өткізуге және жақсы көңіл-күй қалыптастыруға ықпал етті.