Skip to content

Абай мен Жамбыл мұрасына арналған әдеби-танымдық сайыс өтті

Абай мен Жамбыл мұрасына арналған әдеби-танымдық сайыс өтті

Бастауыш сынып оқушылары арасында қазақ әдебиетінің қос алып тұлғасы – Абай Құнанбайұлы мен Жамбыл Жабаевтың шығармашылығына арналған әдеби-танымдық сайыс жоғары деңгейде өтті. Шараға 3–4 сынып оқушылары қатысып, өздерінің білімін, өнерін және сөйлеу мәдениетін жан-жақты көрсетті.

Сайыстың негізгі мақсаты – ұлттың рухани құндылықтарын жас буынның санасына сіңіру, оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және поэзияны құрметтеуге тәрбиелеу болды.

Қазылар алқасы әр қатысушының дайындығын, мәнерлеп оқу шеберлігін, әдеби білімін және сахналық мәдениетін бағалай отырып қорытынды шығарды. Сайыс нәтижесінде өз өнерімен ерекше көзге түскен озат оқушылар жүлделі бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орындарды иеленіп, арнайы дипломдар мен марапаттарға қол жеткізді. Ұйымдастырушы мұғалімдер: Махашова Гулим Нуркенкызы, Ахметова Эльмира Жансериковна, Орал Көркем

Leave a Reply