
Сейсенбілік жаттығу – біздің игі дәстүріміз!
Мектебімізде әр сейсенбі күні таңертең оқушылар мен мұғалімдер белсенді жаттығулар жасап, күнді сергек көңіл-күймен бастайды. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен енгізілген бұл жоба бүгінде оқу үдерісінің ажырамас бөлігіне айналды.
Әр сейсенбі сайын өткізілетін үш минуттық гимнастика баршамызға күш-қуат беріп, жақсы көңіл-күй сыйлап, сабақтарға тың серпінмен кірісуге көмектеседі.
Сейсенбілік жаттығу – оқушыларымыздың салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған жарқын бастама!