
28.10.2025 жылы Педагогикалық кеңестің отырысы өтті.
Күн тәртібінде қарастырылған мәселелер:
1. «Жасөспірімдердің психикалық денсаулығын сақтау және девиантты мінез- құлықтың алдын алу» тақырыбында Д.Ж. Сагымбекова баяндама жасады. Баяндама барысында жасөспірімдердің психологиялық даму ерекшеліктері, психикалық саулықты сақтау жолдары және девиантты мінез-құлықтың алдын алу шаралары кеңінен талқыланды.
Кеңес барысында келесі педагогтер сөз сөйледі:
С.Т. Ныгманова – «Девиантты мінез-құлықтың мәні мен себептері» тақырыбында баяндама жасап, жасөспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқулардың психологиялық және әлеуметтік себептерін талдады;
А.Т. Кенжебаева – «Құқықтық сауаттылық – болашағыңның кепілі» тақырыбында сөз сөйлеп, құқықтық тәрбиенің оқушы тұлғасын қалыптастырудағы маңызын атап өтті;
С.С. Шакеев– «Қиын жасөспірімдермен жеке жұмыс жүргізу ерекшеліктері» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті;
Э.Ж. Ахметова – «Қиын оқушылармен жеке жұмыс жүргізудің тиімді тәсілдері» туралы баяндама жасап, әлеуметтік-психологиялық қолдаудың маңызын түсіндірді.
Қорытындысында жасөспірімдердің психикалық денсаулығын сақтау, девиантты мінез-құлықтың алдын алу және оқушылармен тиімді қарым-қатынас орнату бағытында нақты ұсыныстар берілді.
2. 2025–2026 оқу жылының І жартыжылдық бойынша білім сапасы туралы К.С.Махмет талдау жасап өтті.
Баяндамада оқу үлгерімі мен білім сапасының көрсеткіштері қарастырылып, оқушылардың білім нәтижелерін арттыру мақсатында пән мұғалімдеріне жүйелі жұмыс жүргізу ұсынылды.
3. 5–11 сынып оқушыларының мектеп жарғысына сәйкес тәртібі, сабаққа қатысу деңгейі, мектеп формасын сақтау және іс-шараларға қатысу мониторингісі туралы ДТІЖО Т.К. Сагадатова баяндама жасады.
Оқушылардың тәртібі мен мектеп формасын сақтау деңгейін талдап, жалпы ахуалдың тұрақты екенін атап өтті. Сондай-ақ, іс-шараларға қатысу белсенділігін арттыру және тәрбие жұмысының нәтижелілігін күшейту бойынша ұсыныстар берілді.
4. 5 және 10-сыныптардың бейімделуі бойынша мектеп психологтары Е.Д. Кудабаева мен Д.Ж. Сагымбекова зерттеу нәтижелерін таныстырды.
5. 5-сыныптардың ортаға бейімделуі бойынша білім сапасының көрсеткіштері туралы ДОІЖО С.Ж. Тлеубекова тоқталып өтті. Әлі де болса білім сапасы