
🔰 26 сәуір 2025 жылы М.Хамзин атындағы мәдениет сарайында қалалық «Жігіт сұлтаны – 2025» байқауы өтті.
✅ Балқаш қаласының мемлекеттік және коммуналдық мекемелері, оқу орындары, «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС мен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы – «Балқаштүстімет» ӨБ еңбеккерлерінің «Жігіт сұлтаны – 2025» қалалық байқауының қатысушылары 7 бағыт бойынша сайысқа түсті.
✅ Өзін-өзі таныстыру, өз өнерін көрсету, спорттық сайыс, оның ішінде: қол күрес, жұптасып арқан тартыс, кір тасын көтеру және сұрақ-жауап айдары сондай-ақ, ұлттық киім үлгісі.
• Біліміне, біліктілігіне
• Өнеріне (ән айту, көркемсөз оқу, т.б)
• Спорттық шеберлігіне күштілігіне, ептілігіне
• Сахна мәдениетіне
• Киім үлгісі бойынша сайысты.
💫«Жігіт сұлтаны – 2025» байқауының тартысты сайысы нәтижесінде мектебіміздің ұстазы Жасымхан Нұрғабыл Мырзахайырұлы 🏆🏅 Бас жүлде иегері атанды.
Құттықтаймыз! 💐