Skip to content

31.03.2025 күні «әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-нде кезекті педагогикалық кеңес өтті.

31.03.2025 күні «әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-нде кезекті педагогикалық кеңес өтті. Кеңесті мектеп директоры Сыздыкова С.Т. сөз алып, күн тәртібімен таныстырды.
Күн тәртібінде «Инклюзивті мәдениетті қалыптастыруда, білім алушылардың білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру», «III тоқсандағы білім алушылардың үлгерімі мен білім сапасының қорытынды талдауы», «Адамдармен қарым-қатынас жасауда, ізгі қасиеттердің маңызы (оқу-тәрбие үрдісі бойынша)», «Мектеп кітапханасының қызметін талдау», «Буллингтің алдын алу бойынша жүргізілген сауалнаманың қорытындысымен таныстыру» туралы мәселелер қаралды. Мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың ата-анасымен, сынып жетекші мұғалім ретінде тығыз байланыс орнату, білім алушылар арасында құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық құндылықтарын іс-шаралар негізінде жүйелеу керектігі баса айтылды. Буллингтің түрлері, себептері мен салдары түсіндіруге бағытталған семинар-теренингтерді жиі ұйымдастыру керектігі назарға алынды. Білім сапасын нәтижеге бағыттау мәселелері қарастырылып, шешу жолдары ұсынылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *