🔰21 наурыз – Ынтымақ күні
Наурыз – ынтымақ пен ырыс-берекенің мерекесі, халықтар бірлігі мен татулығының бастауы.
Бұл күн өткенді еске түсіруден, ата-бабамыздың қазіргі уақытты қалыптастыруға және сақтауға қосқан үлесінің маңыздылығын түсінуден тұрады. Қазақстанда Наурыз мейрамы бізді ұлттық өзекке оралтып қана қоймай, ел ішіндегі ағайын мен сырттағы бауырларды байланыстырушы көпір ретінде қызмет етеді. Бұл күн ауызбірлік, ортақ құндылықтар мен азаматтық бірегейліктің маңызын түсінуге жетелейді. Ынтымақ күні азаматтарды бейбітшілікке, келісім мен төзімділікке, әділ және бақуатты қоғам құруда өзара сыйластықтың, ынтымақтастық пен бір-бірін қолдаудың маңыздылығын көрсетеді. Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз ырысты болсын!
