28.03.2025 күні «әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-нде кезекті ғылыми-әдістемелік отырыс өтті. Отырыста директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Тлеубекова С.Ж. сөз алып, күн тәртібімен таныстырды.
Күн тәртібіндегі «Өсу нүктелерінің нысаналы мектеппен жұмысы», «ҰБТ нәтижелері» бойынша директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Жумажанова Қ.М. сөз алып, ҰБТ нәтижелерін жүйелі талдап, туындаған мәселелерді айқындап, оның шешу жолдарын ұсынды. «Басқару мен бақылау бойынша атқарылған жұмыстардың қорытынды сараптамасы» тақырыбында директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Тлеубекова С.Ж. сөз алып, басқару мен бақылау бойынша мектеп педагогтарының білімін тереңдетуге, жетілдіруге бағыттау, әдістемелік тұрғыда қолдау көрсету, кәсіби дамуына ықпал ететін қызметті жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстарды қарастырып, туындаған мәселелердің шешу жолдарына бағыт берді.
