
20 қарашада «Отбасы сағаты» жобасы аясында облыстық деңгейде ата-аналар жиналысы өтті.
Zoom платформасы арқылы мектебіміздің 5-11 сынып оқушыларының 100 -ге жуық ата-ана қосылды.
Күн тәртібінде:
1. «Адал азамат» бағдарламасының іске асырудағы отбасының рөлі.
2. Есірткінің заңсыз айналымына байланысты құқықбұзушылықтар үшін құқықтық жауапкершілік.
3. Балалар әлеміндегі әлеуметтік жалғыздық
4. ҰБТ -ға дайындық туралы.
Жиналыста ата- аналар балалардың тәрбиесі, қауіпсіздігі және біліміне қатысты өзекті мәселелерді тыңдап, бірге талқылады.