Skip to content

⚜ 19 наурыз – Жаңару күні⚜

⚜ 19 наурыз – Жаңару күні⚜
🔰Наурыз-жаңару мен жаңғырудың бастауы. Жаңару- құлпырған көктемнен жақсы үміттер күтіп, тіршілік қайта жанданып, айнала тазартылып, бұлақтың көздерін ашып,мерекеге орай ағаштар мен гүлдер отырғызылатын думанды күн! 🌳Наурыз айында ел аумағында отырғызатын жаңа көшеттер тәрізді бұл күндері қоғамдық мәдениетке Наурыздың жаңа дәстүрлері сіңіріледі. Отырғызылған көшеттер өніп шығып, ағаштар жеміс бергені сияқты жаңа идеялар бен құндылықтар өз жемісін беріп, қоғамымызды нығайтып, өркендеуге жетелейді.
🌷”Жаңару” күні барша азаматтарды ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге және ынтымақта болуға үндейді. Баршамыз Ұлыс мерекесін тойлаудың жаңа дәстүрлерін қалыптастыра отырып, ортақ мақсатқа жетуге, ең керемет адами қасиеттер мен құндылықтарымызды дәріптеуге асығайық.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *