Skip to content

Құрметті әріптестер, оқушылар мен ата-аналар! 

       

      Табысты білім мен тәлімді тәрбиенің ордасы Балқаш қаласы білім бөлімінің «әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ 1969 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатыр.

       «Әлеуметті табысты мектеп» атты даму стратегиясымен өркендеп келе жатқан мектеп әр оқушының танымдық мүмкіндіктерін арттыра отырып, білім мен тәрбие беруде білім беру үрдісінің тиімді жаңашылдықтарын нәтижелі пайдалануды көздейді.

     Оқу орнының мақсаты – жаңа білім мазмұны, сындарлы оқыту, құзыреттілік тәсілдеме негізінде оқу-тәрбие үдерісіне өзгерістер енгізу арқылы «Әлеуметтік табысты мектеп» болудың алғы шарттарын іске асыру.

    Оқушылардың белсенділігін, мобильділік, білімнің жеделділігін қалыптастыру үшін құзіретті-бағдарлы білім беруге жағдай жасалған. Мектептің вестибюлі «Ұшқыр оймен айқын мақсатқа!» тақырыбымен креативті идеялар мен өнертапқыштық ұсыныстар арқылы белсенді әрекетке шақыратын ақпаратқа толы жаңаша мазмұнда жабдықталған. Лэд-экраннан беріліп тұратын қажетті ақпараттар, жаңалықтар мен хабарламалар да оқушылардың даму үдерісіне ықпал етеді. 

         Сапалы білім – ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Қашықтықтан оқыту жағдайында да оқытудың тиімді платформаларын қолданып, үздіксіз білім беру арқылы оқушылар ақпараттық қоғамға бейімделді.

         Сайт жұмысы мұғалім-оқушы-ата-ана «үштік одағымен» мектептің даму нәтижелеріне жету жолында пікір алмасуына және ашық қарым-қатынас орнатуына мүмкіндіктер жасайды.

 

Құрметпен, Балқаш қаласы білім бөлімінің «әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры  Сыздыкова Сайлаугүл Тұраровна

Сенім телефоны
1414

Сыздыкова Сайлаугул Тураровна

Құжаттар

Nothing found.

Мемлекеттік рәміздер